Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
– Биыл қосымша 6 жаңа ақылы жол учаскесін енгізу жоспарланып отыр, – деді төраға.
Сондай-ақ брифинг барысында Дархан Иманашев жол қызметтері биылғы су тасқыны кезеңінен алдын ала жүргізілген дайындық жұмыстарының арқасында сәтті өткенін атап өтті. 2026 жылғы су тасқыны кезінде республикалық автожолдарда 5 су басу фактісі тіркелсе, екі жыл бұрын мұндай жағдайлар саны 178 болған.
Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізуге шамамен 1000 бірлік техника мен 1900 қызметкер жұмылдырылды. Сонымен қатар 15 мыңға жуық су өткізу құбыры тазартылып, 86 мың текше метр инертті материал дайындалды.





