Бізге жазылыңыз:

Биыл банктер бюджетке қосымша 0,5 трлн теңге салық төлейді

Биыл банктер бюджетке қосымша 0,5 трлн теңге салық төлейді
Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов Үкіметтің кеңейтілген отырысында банктердің корпоративтік табыс салығы көтерілетінін айтты.
- Сіздің тапсырмаңыз бойынша қаржы секторының бағытын өзгертіп жатырмыз. Осылайша банктердің ресурстары нақты секторды қаржыландыруға бағыттаймыз. Кредит нарығындағы екі негізгі сегментті салыстырсақ, былтыр нақты экономиканың кредиттері кепілсіз тұтыну кредиттерінен жылдам өсті. Биыл фискалдық шаралар да күшіне енеді. Банктерге салынатын корпоративтік табыс салығы көтеріледі. Мемлекеттік бағалы қағаздарға салық салынады. Банктердің мемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табысына бір реттік салық енгізіледі, - деді ол.
Айтуынша, бұл шаралар бюджетке жарты триллион теңгеден астам қаражат түсіреді.

- Сәуір айына дейін банктер жеке тұлғаларға берілген кредиттер бойынша 500 млрд теңгеге жуық қосымша капитал қалыптастырады. Банктер үшін резервтік талаптарды біртіндеп арттыра береміз. Бұл 3,9 трлн теңге артық өтімділік нарықтан алып, инфляциялық қысымды азайтады.

Сіздің тапсырмаңыз бойынша, банктерге мемлекет тарапынан берілген көмекті мерзімінен бұрын қайтару жұмысы жалғасуда. Бүгінде 738 млрд теңгені мерзімінен бұрын қайтарып берді. Осы жұмыс биыл да жалғасады, - деді Тимур Сүлейменов.

Ұқсас материалдар