ЖАҢАЛЫҚТАР
Базалық мөлшерлеме максималды түрде қанша болуы мүмкін — Сүлейменов жауабы
— Қазіргі деңгей ол бізде болған ең жоғары мөлшерлеме сияқты. Меніңше, ол максимумға жақын, — деді ол Ұлттық банкте өткен брифингте БАҚ өкілдерінің сауалына орай.
Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қазіргі 18 пайыздық мөлшерлеме макроэкономикалық, микроэкономикалық, нарықтық, іргелі және алдағы жартыжылдыққа Ұлттық банк болжайтын өзге де параметрлерге сай келеді.
— Бұған қоса, әсіресе сыртқы ортадағы сын-тегеуріндерді ескерер болсақ, экономикаға тосын оқиғалар, күтпеген жайттар алып келуі мүмкін, — деді ҰБ төрағасы.





