Бізге жазылыңыз:

Астананың жанында хорватиялық компанияның қатысуымен зауыт салынады

Астананың жанында хорватиялық компанияның қатысуымен зауыт салынады

Астанадан 5 шақырым жердегі "Қоянды" индустриялық аймағында құрғақ сүт өндіретін зауыттың құрылысы басталды. Жобаның толық іске қосылуы 2027 жылға жоспарланған.

Жобаға Sinitech Industries (Хорватия) технологиялық серіктес ретінде қатысады. Өнімдер ішкі нарыққа ғана емес, ЕАЭО, ЕО, Африка, Қытай, БАӘ және Түркия елдеріне де экспортталатын болады.

Жаңа өндірісте 53 жұмыс орны ашылады. Жобаның алдын ала құны – $10 млн.

Ұқсас материалдар