ЖАҢАЛЫҚТАР
Астана LRT-ның жолақысы қанша болатыны белгілі болды
Ашық НҚАgov порталында Астана қаласының әкімдігі әзірлеген «Қаладағы жеңіл рельстік көлікпен (LRT) жолаушылар мен жүкті тасымалдау тарифі туралы» жобасы жарияланды. Бұл туралы Астана қаласының әкімдігі мәлім етті. — Жобаға сәйкес, жеңіл рельстік көлік желісінде бір сапарға билет құны 200 теңге деп белгіленген. Төлем қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жүргізіледі, — делінген хабарламада.
Сонымен бірге, 2017 жылғы 20 шілдедегі № 167/21-VI Астана қалалық мәслихатының шешімі бойынша, Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын жекелеген санаттағы азаматтар қоғамдық көліктегі төлемнен босатылған.
Жоба Ашық НҚАgov порталында қарау және қоғамдық талқылау үшін қолжетімді.