Арабтық инвесторлардың қатысуымен 1 ГВт қуатты жел электр станциясы салынады

Жамбыл облысында 1 ГВт қуатты жел электр станциясы салынбақ. Жобаны Masdar және W Solar (әрқайсысы 40% үлесімен), Qazaq Green Power (18%) және Қазақстанның Инвестициялық Даму Қоры (2%) компаниялары іске асырады. Жалпы инвестиция көлемі $1,4 млрд құрайды.
Станция өндіретін электр энергиясының тарифі 4,49 цент/кВт⋅сағ мөлшерінде белгіленген. Бұл тариф желілерді салу, энергияны сақтау жүйелерін орнату және электр энергиясын өндіру шығындарын қамтиды.
Жоба аясында 300 МВт қуаттылығы және 600 МВт⋅сағ сыйымдылығы бар заманауи энергияны сақтау жүйесі орнатылады. Бұл жүйе артық өндірілген энергияны сақтау және оны тұтынудың ең жоғары кезеңдерінде желіге беру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.
Жобаны іске асыру барысында 100 тұрақты және 1 000 уақытша жұмыс орны құрылады. Жергілікті әкімдік жобаны жүзеге асыру үшін жер учаскесін жалға береді. Сонымен қатар, қазақстандық тарап инвесторларға кез келген қосымша шығындарды өтеуге міндетті, оның ішінде заңнаманың өзгеруі, жер бағасының өсуі және бәсекелес жобалардың салынуы сияқты шығындар да бар.