
Алматылықтардың зейнетақы жинақтары рекордтық деңгейге жетті — 4,8 трлн теңге. Ұлттық банктің мәліметінше, 2025 жылғы 1 наурызда міндетті зейнетақы жарналарының жалпы көлемі 21,7 трлн теңгені, ал жеке зейнетақы шоттарының саны 11,1 млн-ды құрады.
Жинағы ең көп қазақстандықтар:
-
31–40 жас аралығы — 6,3 трлн теңге (3,02 млн шот),
-
41–50 жас — 6,2 трлн теңге,
-
51–60 жас — 5,4 трлн теңге.
Ең аз жинақтар:
-
81 жастан асқандарда — 1,7 млрд теңге (48,4 мың шот),
-
71–80 жас аралығындағыларда — 9,5 млрд теңге (100,4 мың шот).
Өңірлер бойынша көшбасшы — Алматы қаласы: 2,02 млн шотта 4,8 трлн теңге сақтаулы. Одан кейін:
-
Астана — 2,4 трлн теңге (895,8 мың шот),
-
Қарағанды облысы — 1,7 трлн теңге,
-
Шымкент — 1,13 трлн теңге,
-
Ақтөбе облысы — 1,1 трлн теңге.
Ал Ұлытау облысы (47,5 млрд теңге) мен Алматы облысы (72,6 млрд теңге) ең аз зейнетақы жинақтаған өңірлер қатарында.