
Алматыда демалыс күндері өтетін ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінде 880 тоннаға жуық азық-түлік өнімі сатылды. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 10%-ға көп. Өсім көктемгі маусымның келуімен, өнім түрлерінің көбеюімен және тұрғындар тарапынан сұраныстың артуымен байланысты.
Жәрмеңкеге Алматы мен Алматы облысынан 300-ден астам өндіруші қатысады. 1 000-нан астам өнім түрі ұсынылған: ет, жұмыртқа, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, бал және колбаса.
📍 Жәрмеңкелер сенбі және жексенбі күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін мына мекенжайларда өтеді:
– Алмалин ауданы – Масанчи көшесі (Айтеке би – Гоголь көшелерінің арасы)
– Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен)
– Бостандық ауданы – Қазақфильм ықшамауданы (Аль-Фараби даңғылынан жоғары)
– Медеу ауданы – Мендикұлов бульвары мен Бектұров көшесінің қиылысы