Бізге жазылыңыз:

Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және кастрациялау жалғасуда

Алматыда үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және кастрациялау жалғасуда

2025 жылғы 1 сәуірден бастап Алматы қаласында Қазақстан Республикасының «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңы аясында үй жануарларын тегін зарарсыздандыру және кастрациялау бағдарламасы жалғасуда.

Бағдарламаға ветеринарлық паспорты мен микрочипі бар иттер мен мысықтар қатыса алады. Бұл – жануарларды бірыңғай дерекқор базасына тіркеу үшін қажет. Егер жануарда микрочип пен паспорт болмаса, оларды бағдарламаға қатысушы клиникалардан қосымша ақыға алуға болады.

Жас ерекшелігіне қойылатын талаптар:

  • ұрғашы жануарларды зарарсыздандыру: 7 айдан 9 жасқа дейін

  • еркек жануарларды кастрациялау: 6 айдан 9 жасқа дейін

Бағдарламаға жануар иесінің тіркеуден бастап, клиникалық тексеру, ота жасау және одан кейінгі бақылауға дейінгі толық ветеринарлық қызметтер кешені кіреді. Сондай-ақ 3 күндік бақылау және 10–12 тәулікте тігістердің жағдайын тексеру қарастырылған.

Бағдарлама аясында қызмет көрсететін ветеринарлық клиникалар мекенжайы:

📍 Медеу және Алмалы аудандары
Клиника: «Mastino»
Мекенжайы: Есенберлин көшесі, 217
📞 8 (700) 327-44-89 (WhatsApp арқылы жазылу)

📍 Бостандық ауданы
Клиника: «Айболит»
Мекенжайы: Абай даңғылы, 26
📞 8 (708) 972-02-07

📍 Әуезов ауданы
Клиника: «Allvet»
Мекенжайы: Төле би көшесі, 279Б
📞 8 (747) 438-38-87 (WhatsApp арқылы жазылу)

📍 Алатау ауданы
Клиника: «VET ELITE»
Мекенжайы: Күдерин көшесі, 6/2
📞 8 (708) 653-32-57, 8 (700) 776-62-50 (WhatsApp арқылы жазылу)

📍 Жетісу ауданы
Клиника: «Барыс»
Мекенжайы: Райымбек даңғылы, 223Б
📞 8 (707) 123-49-00 (WhatsApp арқылы жазылу)

📍 Түрксіб ауданы
Клиника: «Dog Premium»
Мекенжайы: Грибоедов көшесі, 105
📞 8 (727) 339-33-28

📍 Наурызбай ауданы
Клиника: «Банзай»
Мекенжайы: Сейдимбек көшесі, 26
📞 8 (707) 523-73-73

📌 Қабылдауға жазылу көрсетілген клиникаларға тікелей телефон арқылы немесе WhatsApp арқылы жүзеге асырылады.

Ұқсас материалдар