Бізге жазылыңыз:

Алатау қаласы бюджетінен басқа бюджеттерге қаражат алуға жол берілмейді — заң жобасы

Алатау қаласы бюджетінен басқа бюджеттерге қаражат алуға жол берілмейді — заң жобасы
Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен басқа бюджеттерге қаражат алуға жол берілмейді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев айтты. — Alatau City Authority республикалық бюджеттік бағдарламалардың дербес әкімшісі болады. Оның бюджеті республикалық бюджет құрамында блоктық бюджеттеу қағидаты бойынша қалыптасып, негізінен инфрақұрылымды дамытуға және ұзақ мерзімді жобаларды қолдауға бағытталады, — деді Қанат Бозымбаев.
Үкімет басшысы орынбасарының мәліметінше, жобаларды іріктеу мен қаржыландыру тәртібін Премьер-министр басқаратын кеңес бекітетін болады.

— Ал қаланың жергілікті бюджеті әлеуметтік және ағымдағы міндеттерді қаржыландыруға жұмсалады. Алатау өзін-өзі қамтамасыз еткенге дейін қала бюджетінен басқа бюджеттерге қаражат алуға жол берілмейді, — деді ол.

Ұқсас материалдар