Қазақстанның Ақтау қаласы 2030 жылы Экономикалық ынтымақтастық ұйымы (ЭЫҰ) аясындағы туристік астана атағына жалғыз кандидат ретінде ұсынылды. 27-29 сәуір күндері Әзербайжанның Шуша қаласында Экономикалық ынтымақтастық ұйымы Туризм министрлерінің отырысы өтіп жатыр. Осы жиында туризм жөніндегі жоғары деңгейдегі сарапшылар тобының 9-шы отырысында айтылды.
Жиында мамандар Ақтаудың жалғыз үміткер екенін атап, Қазақстанның осы бағыттағы жұмысына сәттілік тіледі.
Ақтау – Каспий теңізінің жағалауында орналасқан бірегей қала. Сондықтан мұнда жағажай, экологиялық және іскерлік туризмді дамытуға зор мүмкіндік бар.





