Бізге жазылыңыз:

АҚШ пен Иран бітімінен кейін доллар күрт қымбаттады

АҚШ пен Иран бітімінен кейін доллар күрт қымбаттады
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар қымбаттады. Күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 12,32 теңгеге өсіп, 475,31 теңге болды. Ұлттық банктің ресми бағамы - 460,37 теңге.

Kurs.kz мәліметіне сәйкес, елорданың ақша айырбастау орындарында:

- доллар 474,62 теңгеден сатып алынады, 481,62 теңгеден сатылады;

- еуро: сатып алу - 551,65 теңге, сату - 561,65 теңге;

- рубль: сатып алу - 6,00 теңге, сату - 6,30 теңге.

- юань: сатып алу - 68,01 теңге, сату - 74,11 теңге.

Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар орта есеппен 476,81 теңгеден сатып алынады, 479,61 теңгеден сатылады. Еуро 554,45 – 559,90 теңге, ал рубль 5,97 – 6,13 теңге аралығында саудаланады. Ал юань 68,63 теңгеден сатып алынады, 71,79 теңгеден сатылады.

Ұқсас материалдар