Бізге жазылыңыз:

3287 аграрлық сала өкілі егіс науқанына ерте қаржыландыруға қол жеткізді

3287 аграрлық сала өкілі егіс науқанына ерте қаржыландыруға қол жеткізді
Мемлекет басшысының көктемгі дала жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмасын орындау аясында өтінім қабылдау 2025 жылдың 1 қазанында басталған болатын. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін жылдық сыйақы мөлшерлемесі 5 пайыз. Бүгінгі таңда 556 млрд теңге көлемінде, құрамында 3963 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер бар, арнайы топ қалыптастырылды. Соның ішінде 334 млрд теңгеге 3287 өтінім қаржыландырылып, 4 млн гектардан астам егіс алқабы қамтылды.

Сонымен қатар «Даму» қоры арқылы қарыздарға кепілдік беру тетігі жүзеге асырылып жатыр. Бұл несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік беруге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта 148 млрд теңге сомасына 753 кепілдік берілген.

Ауыл шаруашылығы мәліметінше, қаржыландырудың ерте басталуы диқандарға 2026 жылғы егіс науқанына алдын ала дайындалуға мүмкіндік береді. Алынған қаражат тиімді бағамен жанар-жағармай алуға, минералды тыңайтқыштар сатып алуға, ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге және қажетті тұқым қорын қалыптастыруға жұмсалып жатыр.

Жеңілдетілген қаржыландыру көктемгі дала жұмыстарын дайындау мен өткізуге ғана емес, сондай-ақ өнім жинау науқанына және маусымдық шығындарды өтеуге де қолжетімді. Қаражат еліміз бойынша Аграрлық несие корпорациясының бөлімшелері мен серіктес қаржы ұйымдары арқылы беріледі.

Ұқсас материалдар