Бізге жазылыңыз:

2026 жылы қорғаныс саласына жалпы ішкі өнімнің 1%-ы бөлінеді

2026 жылы қорғаныс саласына жалпы ішкі өнімнің 1%-ы бөлінеді
— Алдағы үш жылдық бюджетте өңірлерді дамытуға 581 млрд теңге қарастырылған. Оның ішінде 2026 жылға 300 млрд теңге жоспарланған. Бұл ақшаның бәрі маңызды және жалпы халықтық сипаттағы маңызы бар жобаларға бағытталады.

Сонымен қатар, әкімдіктердің дербестігін арттыру үшін 2026 жылы өңірлерге трансферттер арқылы 5,1 трлн теңге бағытталады, — дедң Мәди Такиев.
Оның сөзінше, 2026 жылы күштік құрылымдарды қаржыландыруға 3 трлн теңге жоспарланып отыр.

— Бұл биылмен салыстырғанда 335 млрд теңгеге артық. Осылайша, қорғанысқа жұмсалатын шығыс, жалпы ішкі өнімнің 1%-ына тең болады.

Бұл қаражат жауынгерлік дайындықты сақтаумен қатар, жүйелі жаңартуларды жүзеге асыруға да бағытталған, — деді Қаржы министрі.

Ұқсас материалдар