Көші-қон қызметі комитетінің төрағасы Аслан Аталықовтың айтуынша, Қазақстанда халықты құжаттандырудың бірыңғай жүйесі жұмыс істейді. Бұл жүйе арқылы азаматтарға жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) беріледі, жеке куәлік пен паспорттар рәсімделеді, сондай-ақ азаматтарды тіркеу (тұрғылықты мекенжай бойынша тіркеу) жүзеге асырылады.
2026 жылғы 1 қаңтардан бастап жеке куәліктерді алғаш рет алу және оның қолдану мерзімі аяқталғаннан кейін ауыстыру толығымен тегін болады. ІІМ бастамасымен енгізілген бұл бірегей тәжірибе құжат алу рәсімін жеңілдетіп, азаматтардың қаржылық жүктемесін азайтуға бағытталған.
— Алғаш рет берілетін жеке куәліктер тегін болады. Сонымен қатар, жеке куәлік мерзімі аяқталған жағдайда оны ауыстыру кезінде де мемлекеттік баж алынбайды, — деп қорытындылады спикер.





