Бізге жазылыңыз:

Үш жылда 3,25 мың шақырым жол салуға 4,6 трлн теңге жұмсалады

Үш жылда 3,25 мың шақырым жол салуға 4,6 трлн теңге жұмсалады
Жолдардың құрылысына қажетті материалдар мен қызметтердің 90 пайызға жуығы отандық өндірушілерден сатып алынады. Бұл туралы Үкімет отырысында Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев айтты. — Үш жылда жалпы ұзындығы 3,25 мың шақырым болатын басым жобалар іске асырылады. Оған 4,6 трлн теңге қаржы көзделген. Бұл жобалар транзиттік әлеуетті арттырып, елге нақты экономикалық пайда әкеледі. Тартылатын қаражат тікелей және тұрақты макроэкономикалық әсер береді. Оның ішінде мультипликативтік әсер байқалады. Материалдар мен қызметтердің 90 пайызға жуығы отандық өндірушілерден сатып алынады. Бұл өнеркәсіптің дамуына оң ықпал етеді, — деді Нұрлан Сауранбаев.
Министрдің пайымынша, автожол саласына салынған инвестиция экономиканы дамытады. 

— Аталған бастамаларды іске асыру үшін үш жылдық жоспар бекітілді. Қажетті шешімдер қабылданып жатыр. Атқарылып жатқан шаралар еліміздегі көлік инфрақұрылымын дамытып, транзиттік мүмкіндікті арттырады, — деді ол.

Ұқсас материалдар