Бізге жазылыңыз:

Көлік министрлігі орташа жылдамдық бақылауын жаңа учаскелерге енгізеді

Көлік министрлігі орташа жылдамдық бақылауын жаңа учаскелерге енгізеді

Қазақстанда ақылы автожолдардағы орташа жылдамдықты бақылау жүйесі кеңейтіліп, жаңа бағыттарды қамтиды. Бұл туралы Үкіметтегі брифинг барысында Көлік министрлігі Автомобиль жолдары комитеті төрағасының орынбасары Баяхмет Мақсат мәлімдеді.

Оның айтуынша, орташа жылдамдықты өлшеу технологиясы кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта жүйені ақылы автожолдардың жалпы ұзындығы 4,9 мың шақырымды құрайтын учаскелерінде қолдану жоспарланған.

Жаңа бағыттардың қатарында Қарағанды – Алматы, Өскемен – Талдықорған және Қорғас – Алматы автожолдары бар. Аталған учаскелерде бақылау жүйесін енгізу жұмыстары жалғасуда.

Көлік министрлігінің мәліметінше, бұл технология жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыруға оң әсерін көрсетіп отыр. 2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша орташа жылдамдық бақыланатын жол учаскелерінде жол-көлік оқиғаларының саны 15 пайызға төмендеген.

Орташа жылдамдықты бақылау жүйесі көліктің екі бақылау нүктесі арасындағы жүріп өткен уақытын есептеу арқылы жүргізушінің нақты орташа жылдамдығын анықтайды. Белгіленген шектен асып кеткен жағдайда айыппұл автоматты түрде рәсімделеді.

Ұқсас материалдар