ЖАҢАЛЫҚТАР
Кейінгі 5 жылда шекара маңындағы ауылдарда неше жоба іске асты
Жергілікті деңгейде білім беру мекемелерінің қажеттілігін облыс әкімдігі жүзеге асырады. Бұл ретте, білім мекемелері сұранысқа қарай салынатынын атап өтеміз. Өз кезегінде шекара маңындағы елді мекендерде 2019 — 2024 жылдары республикалық бюджет қаражатынан 1 965 жоба іске асырылды, оның ішінде 142 жоба білім беру нысанына жатады. Сонымен бірге, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жобаларды іске асыру жергілікті атқарушы органдардың құзыреті шегінде шешіледі.
Айта кетейік, елімізде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қабылданып, жоспарлы түрде іске асырылып жатыр. Аталған жоба өңірлерде оқушы орындарының жетіспеушілігі, апатты және үш ауысымды мектептерді азайту мәселелерін шешуге бағытталған.