Бізге жазылыңыз:

Қазақстан үш ғарыш аппаратын экспорттаудан 75 млн доллар табыс алады

Қазақстан үш ғарыш аппаратын экспорттаудан 75 млн доллар табыс алады
Оның айтуынша, қазір алты ғарыш аппаратын құрастыру іске асырылып жатыр. Соның ішінде төртеуі жерді қашықтан зондтауға арналған оптикалық спутник, тағы екеуі жер бетін сканерлеу және 3D кеңістік деректерін беретін радарлық спутник.

Әзірленіп жатқан аппараттардың үшеуі Конго, Нигерия және Моңғолияға экспорттауға арналған.

- Бұл жерде осы экспорттық келісімшарттар бойынша жалпы мәліметті айта аламын. Өйткені, келісімшарт талаптары бойынша әр спутниктің құнын жариялауға болмайды және ондағы нақты мән-жайды білмеймін. Менің бағалауым бойынша, бұл үш спутниктің жалпы құны 70-75 миллион доллар шамасында, - деді Мәлік Олжабеков Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып. 
Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанға арналған спутниктерді әзірлеу жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.

- Оларды құрастыру қарқынды жүріп жатыр. Егер қателеспесем, 2027 жылдың басында ғарышқа ұшырылады. Тағы үш аппарат 2028-2029 жылдар аралығында дайын болады, - деді вице-министр.

Ұқсас материалдар