2026 жылдың 2 наурызындағы мәліметке сәйкес Қазақстан халқының саны 20 518 005 адамға жетті. Бұл деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады.
Бюро ұсынған мәліметке сәйкес, 2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша елімізде қалалық жерлерде 13 106 358адам, ал ауылдық жерлерде 7 411 647 адам тұрады.
Жыл басынан бері халық саны 18,1 мың адамға көбейген. Оның ішінде 15,8 мың адам – табиғи өсімнің, 2,3 мың адам – көші-қонның сальдосы нәтижесі.
Статистикалық деректерге сәйкес, халық саны бойынша Алматы және Астана, Шымкент қалалары, Түркістан және Алматы облысы көш бастап тұр.





