БАНКТЕР
ЕАЭО елдерінің орталық банктері инфляция мен қаржы нарығындағы үрдістерді талқылады
Бішкек қаласында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктері басшыларының консультациялық кеңесінің отырысы өтті.
Кездесу барысында қатысушылар ЕАЭО елдеріндегі инфляцияның негізгі факторларын, оның өзгеру динамикасын және экономикалық белсенділіктің қазіргі жағдайын талқылады.
Сонымен қатар тараптар мүше мемлекеттердің банк секторындағы негізгі көрсеткіштерді салыстырып, кредиттік ұйымдарды реттеу тәжірибесі мен әр елдің ерекшеліктері жөнінде пікір алмасты.
Отырыстың күн тәртібінде қаржы нарығында жасанды интеллектіні дамыту және реттеу мәселелері де болды. Қатысушылар бұл бағыттағы ұлттық тәжірибелерімен бөлісті.
Кеңестің келесі отырысы 2026 жылдың күзінде Беларусь Республикасында өтеді.





