ЖАҢАЛЫҚТАР
2026 жылы Қазақстан мен Әзербайжан арасында алғашқы паромдар қатынайды
– Сонымен бірге, келесі жылы грузиялық бизнеспен бірлесіп, Құрық пен Алят (Әзербайжан) порттары арасында 6 паромды іске қосуды жоспарлап отырмыз. Қазіргі таңда екі паром Каспий теңізінің акваториясына кірді. Олар 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында жүре бастайды. Жыл сайын тағы 2 паромнан қосылып, 2028 жылға дейін 6 паром толыққанды жұмыс істейді, - деді Н. Қилыбай елордада Орталық коммуникациялар қызметінде.
Сонымен бірге, биыл Маңғыстау облысы Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы биыл жүк тасымалының көлемі 20%-ға артып, 2,5 млн тоннаны құрады. «Semurg Invest» компаниясы 2027 жылға дейін флотты 6 кемеге дейін кеңейтуді жоспарлап отыр. Биыл 7 мың тонналық бір кеме теңізге шығарылды.
2026 жылы облыста Жаңа теңіз портының құрылысы басталады. Бұл бағытта Мемлекет Басшысы мен Үкіметтің инвесторларды тарту бойынша тапсырмасы аясында бір жыл бойы келіссөздер жүргізілген.
– Қазір инвестициялық келісімдер аяқталу сатысында тұр. Жыл аяғында немесе келер жылдың басында қол қойылып, 2026 жылдың 2 тоқсанында құрылыс жұмыстары басталады. Қазір жер учаскесі анықталып, рәсімдеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба «Қытай - Қазақстан - Ақтау - Баку - Поти - Еуропа» жаңа халықаралық көлік дәлізінің қалыптасуына ықпал етеді, - деді Н. Қилыбай.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
БИЗНЕС
«Іскер аймақ» бағдарламасы аясында 23 мыңға жуық жобаға қолдау көрсетіледі
- 23 желтоқсан, 2025





