ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстанда сатып алуға рұқсат етілетін криптовалюталардың тізімі бекітіледі
Агенттік басшысының айтуынша, мемлекет сатып алуға болатын криптовалюталардың тізімін, оларды сатып алуға рұқсат етілген платформалар және қызмет көрсететін ұйымдар тізімін нақты белгілейді. Бұл ұйымдардың қызметі қатаң талаптармен шектеліп, Ұлттық банк тарапынан бақыланады.
Заң жобасындағы негізгі жаңалықтардың бірі – финтех-секторды дамыту және Қазақстан аумағында цифрлық қаржылық активтердің айналымына рұқсат беру.
Құжатта цифрлық активтердің үш санаты айқындалады:
- стейблкоиндер;
- базалық активі қаржы құралдары, мүліктік құқықтар, тауарлар немесе өзге де мүлік болатын цифрлық активтер;
- цифрлық платформаларда электронды-цифрлық нысанда шығарылатын қаржы құралдары.
Бұл өзгерістер «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» заңда жазылған. Сенат депутаттары заң жобасына толықтыру енгізу үшін Мәжіліске қайтарды.





