Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда салық кодексіне өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда салық жүктемесін экспорттық төлемдерден мұнай өндіру кезінде төленетін салыққа қайта бөлу ұсынылуда.

Ұлттық экономика министрлігі Мәжіліске Салық кодексіне өзгерістер енгізу жөніндегі екінші топтаманы ұсынды. Өзгерістердің негізгі бағыты – қызметкерлердің табысына қарай жеке табыс салығының дифференцияланған мөлшерлемесін белгілеу.

Министрліктің мәліметінше, табысы төмен азаматтар табысы жоғары азаматтарға қарағанда төмен салық төлейтін болады.

Сонымен қатар медицина, білім беру және әлеуметтік аударымдарға жұмсалған шығындар бойынша шегерімдерді оңтайландыру ұсынылады. Осыған байланысты ай сайынғы бірыңғай базалық шегерім мөлшері 30 АЕК-ке (шамамен 118 мың теңге) дейін ұлғайтылады. Барлық қосымша шегерімдер алынып тасталады, бұл бухгалтерлердің жұмысын жеңілдетіп, азаматтарға құжат жинау қажеттілігін азайтады.

Экспорттық-кредиттік агенттіктің салық салу тәртібі нақтыланып, банктерге арналған корпоративтік табыс салығының мөлшерлемелері белгіленеді. Мемлекеттік және квазимемлекеттік бағалы қағаздардан түсетін табыстарға салық салу қарастырылуда.

Мұнай саласында "салық маневрі" жүргізіліп, экспорттық төлемдерден салық жүктемесі мұнай өндіру салықтарына ауыстырылады. Бұл бюджетке түсетін түсімдердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді.

Халықтың денсаулығын қорғау мақсатында энергетикалық сусындарға акциз енгізу ұсынылды.

Сондай-ақ салықтық әкімшілендіруді күшейту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, инвестициялық саясат, әлеуметтік төлемдер мәселелері бойынша бірқатар заңдарға өзгерістер енгізу көзделген. Міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру саласында бұзушылықтар үшін жауапкершілік те күшейтіледі.

Барлығы жаңа кодекс пен бірге енгізілетін заң жобаларына 71 түзету, қолданыстағы Салық кодексіне 67 өзгеріс ұсынылған.

Ұқсас материалдар