
Бірінші жартыжылдықта халық төлем карточкалары мен банктердің мобильді қосымшаларын белсенді қолданған. Әр қазақстандыққа орта есеппен төрт төлем картасынан келеді, оның екеуін тұрақты қолданады.
Сонымен бірге халықаралық ақша аударымдары қысқарды: шетелге жіберілген қаражат көлемі 16%-ға азайып, 321 млрд теңгені құрады. Қазақстанға түскен аударымдар да 105 млрд теңгеге дейін төмендеді.
Төлем ұйымдарының айналымы өсіп, 4,6 трлн теңгеге жетті. Ең көп сұранысқа ие қызмет – онлайн төлемдерді өңдеу. Дегенмен Ұлттық Банк заң бұзған бірнеше ұйымды тіркеуден шығарып, айыппұлдар салды.
Қаржы нарығының қауіпсіздігі үшін қашықтан сәйкестендіру сервисі мен Антифрод-орталық белсенді жұмыс істеді. Алты айда 23,5 млн биометриялық тексеру жүргізіліп, 2,3 млрд теңгенің алаяқтық транзакциясы бұғатталды.
2024 жылы Ұлттық банк жүйелерімен 1,5 квадриллион теңгеге төлем жүргізілген.