Қазақстанда жолаушылар пойыздарын спутниктік интернетпен қамтамасыз ету жұмыстары жалғасуда. 8 қыркүйектегі жағдай бойынша Starlink интернеті 31 бағыттағы 59 пойыз құрамында қолжетімді. Бұл 770-тен астам вагонды қамтиды.
Қыркүйек айының соңына дейін спутниктік интернетті 50 бағыттағы 124 пойыз құрамына, яғни 1 235 вагонға енгізу жоспарланған.
Төмен орбиталы OneWeb және Starlink жүйелерін қолдану бойынша алғашқы пилоттық жобалар 2025 жылы Астана – Алматы, Астана – Өскемен, Астана – Бурабай, Астана – Семей және Алматы – Маңғышлақ бағыттарында іске қосылды. Ал 2026 жылы жоба ауқымды енгізу кезеңіне өтті.
Қазір интернет Нұрлы жол – Алматы, Нұрлы жол – Өскемен, Нұрлы жол – Орал, Нұрлы жол – Петропавл, Алматы-2 – Өскемен, Қызылорда – Семей, Ақтөбе – Алматы-1, Маңғыстау – Ақтөбе, Орал – Маңғыстау, Ақтөбе – Қазалы, Ақтөбе – Атырау және Павлодар – Алматы бағыттарында қолжетімді.
Спутниктік интернет жолаушылардың сапар кезіндегі жайлылығын арттырып, жұмыс істеуге, онлайн білім алуға, жақындарымен байланысуға және мемлекеттік немесе банктік қызметтерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Спутниктік байланыс арқылы интернет жылдамдығы секундына 100 Мбитке дейін жетеді. Технология әсіресе дәстүрлі байланыс желілерінің қамтуы шектеулі теміржолдың шалғай учаскелері үшін маңызды.
Жолаушыларға интернеттің тегін базалық пакеті ұсынылады. Оның аясында WhatsApp пен Telegram арқылы мәтіндік хабарламалар алмасуға қосымша ақы алынбайды. Интернетті кең көлемде пайдаланғысы келетіндер үшін қосымша тарифтік пакеттер қарастырылған.
Спутниктік интернетті енгізу пойыздарда мультимедиялық, ақпараттық және басқа да цифрлық сервистерді дамытуға қажетті технологиялық негіз қалыптастырады.





