- Astana Hub-тың өзінің шығыстарына қатысты айтар болсақ, қазіргі уақытта біз бюджеттен қаржыландыруды біртіндеп қысқартамыз және Astana Hub өз аумағында орналасқан резиденттердің есебінен өзін-өзі ақтайтын деңгейге өтеді, - деді Ростислав Коняшкин.
Соңғы жылдары елімізде IT-нарық кірістерінің күрт өсуі байқалды. Өткен жылы ол 2 трлн теңге болды деп болжанып отыр. IT-қызметтерінің экспорты да қарқынды дамып келеді. 2025 жылы 1 млрд долларға жетпек.
Astana Hub 7 жылда $4,3 млрд көлемінде экожүйе құрды.





