Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтар күн сайын 509 млрд теңгеге қолма-қол ақшасыз төлем жасайды

Қазақстандықтар күн сайын 509 млрд теңгеге қолма-қол ақшасыз төлем жасайды

2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда цифрлық төлемдер көлемі өсе түсті. Күн сайын ел тұрғындары орта есеппен 39 млн-нан астам қолма-қол ақшасыз операцияны жалпы сомасы 509 млрд теңгеге жасайды.

Ұлттық Банктің дерегінше, қаңтар–маусым айларында қолма-қол ақшасыз операциялардың саны 5,1%-ға өсіп, 7,1 млрд транзакцияға, ал көлемі 4,2%-ға артып, 92,1 трлн теңгеге жетті.

Бұл ретте қолма-қол ақша алу операцияларының саны 5,8%-ға, ал көлемі 3,8%-ға қысқарған. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің шамамен 90%-ы интернет, банктердің мобильді қосымшалары және QR-код арқылы жүргізіледі.

QR-төлемдер де белсенді өсіп келеді. Олардың саны POS-терминалдар арқылы төлем карталарымен жасалған операциялардан 38%-ға, ал көлемі 13%-ға жоғары болды.

Банкаралық төлем инфрақұрылымында да өсім байқалады. 2026 жылдың алғашқы алты айында Төлем карталарының банкаралық жүйесі 3,3 трлн теңгеге 350 млн-нан астам транзакцияны өңдеді.

Шілдеде іске қосылған Банкаралық мобильді төлемдер жүйесі бір ай ішінде телефон нөмірі және QR-код арқылы 210 млрд теңгеге 8 млн-нан астам операцияны өңдеген.

Сонымен қатар халықаралық ақша аударымдарына сұраныс сақталуда. Бірінші жартыжылдықта халықаралық аударым жүйелері арқылы 314 млрд теңгеге 881 мың транзакция жүргізілді. Шетелден алынған аударымның орташа сомасы бір жылда 9%-ға өскен.

Ұқсас материалдар