2026 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанда автокөліктер 45 260 бірлік техникаөндірілді.
«Қазақстанның Автокөлік Одағы» (ҚАО) деректеріне сәйкес, бұған тіркемелер мен жартылай тіркемелер де қосылып отыр. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда36,8%-ға артық.
Наурыздағы өсім2026 жылдың наурыз айында 17 462 бірлік техника өндірілген. 2025 жылдың наурызымен салыстырғанда 42,8%-ға және ағымдағы жылдың ақпан айымен салыстырғанда 19,9%-ғаартқан.
«Алғашқы үш айдың қорытындысы бойынша қазақстандық автоөнеркәсіп тұрақты өсім көрсетіп отыр. Наурыз айындағы жоғары динамиканың сақталуы саладағы оң үрдістерді растайды. Автокомпоненттер сегментінде де айтарлықтай өсім тіркелді.», – дейді ҚАО президенті Анар Мақашева.
Оның айтуынша, үш ай ішінде автомобиль бөлшектері мен керек-жарақтарының өндіріс көлемі 259,8 млрд теңгеге жеткен. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4 есеге артты. Өндірушілер бұл сегментте қарқынды арттыра түседі.
Үш айда өндіріс көлемі 563,9 млрд теңге болды2026 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша өндіріс көлемі 563,9 млрд теңгеболған. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 27,5%-ға өскенін көрсетеді. Машина жасау саласындағы автокөлік өндірісінің үлесі бірінші тоқсан қорытындысы бойынша 43,1%-ға жетсе, өткен жылы – 39,7% болған.
2026 жылдың алғашқы үш айында Қазақстан кәсіпорындары 42 115 жеңіл автокөлік өндірді (өткен жылмен салыстырғанда 37,9%-ға көп). Сонымен қатар, жүк көліктерінің өндірісі 1 380 бірлікке (+16,7%), автобустар өндірісі 750 бірлікке (+73,2%), тіркемелер мен жартылай тіркемелер өндірісі 904 бірлікке (+21%) жетті. Арнайы және мамандандырылған техниканың өндірісі 111 бірлікке дейін төмендеді.
Қазақстандық көліктер қайдан шығады2026 жылдың қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша Қостанайдағы Allur зауыты 14 234 автокөлік өндірді. Алматыдағы Astana Motors Manufacturing Kazakhstan(AMMKZ) есепті кезеңде 12 778 бірлік техника шығарды. АлматыдағыHyundai Trans Kazakhstan 10 755 бірлік нәтижемен алғашқы үштікті түйіндейді.
Қостанайдағы жаңа Kia Qazaqstan зауыты – 4 640 автокөлік, QazTehna (Сарань, Қарағанды облысы) – 806 бірл. техника, Семейдегі СемАЗ – 627 жүк көлігі, Алматыдағы Hyundai Trans Almaty – 196 бірл. коммерциялық техника, Daewoo Bus Kazakhstan(Семей) – 148 бірл., КөкшетаудағыКАМАЗ-Инжиниринг – 135 бірл. коммерциялық техника жасап шығарған.
2026 жылдың қаңтар-наурыз айларында Қазақстанда өндірілген ең танымал он бренд: Hyundai (10 725 бірл.), Chevrolet (8 341 бірл.), Kia (5 084 бірл.), Changan (4 102 бірл.), Haval (4 099 бірл.), Chery (3 744 бірл.), Jetour (2 250 бірл.), Geely Galaxy (1 388 бірл.), Jac (979 бірл.) және Tank (833 бірл.).





