2026 жылдың басындағы жағдай бойынша Қазақстанда 60 жастан асқан 2 923 472 адам тіркелді. Бұл ел халқының жалпы санының 14,2%-ын құрайды.
Олардың ішінде 1 163 270-і ерлер, ал 1 760 202-сі әйелдер.
60 жастан асқан тұрғындар саны ең көп өңірлер қатарында:
-
Алматы қаласы – 328 385 адам;
-
Түркістан облысы – 216 544;
-
Қарағанды облысы – 212 487;
-
Алматы облысы – 203 499;
-
Астана қаласы – 171 138.
Егде жастағы халықтың 1 894 268-і қалаларда, ал 1 029 204-і ауылдық жерлерде тұрады.
Сонымен қатар, 2026 жылдың басында Қазақстанда 100 және одан жоғары жастағы 1 323 адам тіркелген.
Ұлттық статистика деректеріне сәйкес, 2026 жылғы II тоқсанда елде 60 жастан асқан 465 302 адам жұмыспен қамтылған.
Ал 2025 жылы Қазақстандағы зейнетақы алушылардың саны 2 415 095 адамды құрады.





