ЖАҢАЛЫҚТАР
Қазақстан халықаралық төреліктен $5 млрд айыппұлға қатысты хабарландыру алды
Қашаған кен орнын игеруші NCOC компаниясы экологиялық айыппұлға байланысты түсірген талап арызға сай, Қазақстан халықаралық төрелікке қатысады. Бұл жөнінде ҚР Әділет министрлігі мәлімдеді. – Қашаған кен орнындағы мердігер компаниялар 2026 жылдың 9 ақпанында халықаралық төрелікке өтінім берген. Соған байланысты Қазақстанға Инвестициялық дауларды реттеудің халықаралық орталығынан хабарлама келді, - деген ақпарат таратты министрліктің баспасөз қызметі.
Ведомство мәліметінше, дауға себеп болған мәселе бойынша жауапты әрі құзіретті мемлекеттік орган сот отырыстарында ҚР Үкіметінің мүддесін қорғайды. Ал Әділет министрлігі оған құқықтық және консультациялық көмек көрсетеді.