Бізге жазылыңыз:

Алматыда жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар өңделеді

Алматыда жылына 550 мың тонна қатты тұрмыстық қалдықтар өңделеді

– 2024 жылы Алматыда контейнерлік алаңдарды жаңғырту және ескі металл контейнерлерді заманауи пластикалық тереңдетілген модельдерге ауыстыру бойынша белсенді жұмыстар жүргізілді. Бұл 3 текше метр контейнерлер отқа төзімді және ылғалдан қорғайтын материалдардан жасалған. Олардың артықшылығы – герметикалы және қаңғыбас иттер мен құстар кіре алмайды. Сондай-ақ, тереңдетілген контейнерлер жағымсыз иісті таратпайды әрі эстетикалы, – деп хабарлады қалалық әкімдіктен.

Қазір қалада 1 454 қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға арналған алаң орнатылды, оның 287-і тереңдетілген.

– Экологиялық мәдениетті дамыту мақсатында Алматыда Еcosen және Экохаб Econetwork экостанцияларын қоса алғанда, қайталама шикізатты қабылдаудың 8 кешенді пункті жұмыс істейді. Қалдықтардың "құрғақ" фракцияларын жинау үшін 1300-ден астам торлы контейнерлер орнатылды, жыл басынан бері пластикалық және алюминий сусын банкаларын қабылдауға арналған 53 фандомат іске қосылды, – деп атап өтті әкімдіктен.

Қоқыс сұрыптау кешені жылына 550 мың тоннаға дейін қалдықтарды өңдейді. 2024 жылдың 11 айында қалдықтардың 15,2% қайта өңделді, бұл 74 637 тонна қайталама шикізатқа сәйкес келеді.

Жалпы, қала аумағында тұрғындардан ҚТҚ жинау және әкету бойынша 100% қамту қамтамасыз етілген. Қалдықтарды шығару бойынша қызметтерді 21 қоқыс шығарушы ұйым ұсынады. Барлығы 283 арнайы техника жұмылдырылды.

Ұқсас материалдар