Бізге жазылыңыз:

Жаслан Мәдиев AI for Good жаһандық комиссиясының құрамына енді

Жаслан Мәдиев AI for Good жаһандық комиссиясының құрамына енді

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев БҰҰ-ның Халықаралық электр байланысы одағы (ITU) жанынан құрылған AI for Good Global Commission жаһандық комиссиясының құрылтайшы мүшелерінің қатарына қосылды.

Комиссия ITU бастамасымен құрылып, мемлекет басшыларын, халықаралық ұйымдар мен әлемдік жетекші технологиялық компаниялардың 40-тан астам басшыларын біріктіреді. Оның тең төрағалары – Руанда Президенті Поль Кагаме мен Salesforce компаниясының негізін қалаушы және бас директоры Марк Бениофф, ал төраға орынбасары – ITU Бас хатшысы Дорин Богдан-Мартин.

Комиссия құрамына сондай-ақ Эстония Президенті Алар Карис, Исландия Президенті Халла Томасдоттир, Microsoft бас директоры Брэд Смит, NVIDIA негізін қалаушы әрі бас директоры Дженсен Хуанг, Amazon бас директоры Энди Джесси, Qualcomm бас директоры Криштиану Амон, Accenture бас директоры Джули Свит, Anthropic бас директоры Джек Кларк, Pfizer бас директоры Альберт Бурла, ДСҰ бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала және басқа да әлемдік көшбасшылар енген.

8 шілдеде Женевада өткен AI for Good Global Summit аясында комиссияның алғашқы отырысы өтті. Онда жасанды интеллект саласындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту, сенімді ЖИ қалыптастыру, цифрлық теңсіздікті азайту және заманауи технологияларға қолжетімділікті кеңейту мәселелері қаралды.

Қазақстанның комиссия жұмысына қатысуы елдің жасанды интеллект саласындағы халықаралық рөлінің күшейіп келе жатқанын көрсетеді. Ал Жаслан Мәдиевтің комиссия құрамына енуі Қазақстанның цифрлық трансформация мен жасанды интеллект бағытындағы халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесінің мойындалғанын білдіреді.

Ұқсас материалдар