Бізге жазылыңыз:

Мемлекеттік органдар ескерілмеген салық тәуекелдері үшін жауапты болады

Мемлекеттік органдар ескерілмеген салық тәуекелдері үшін жауапты болады
Елімізде салалық қолдау шараларын ұсыну барысында туындайтын фискалдық тәуекелдер үшін министрліктер мен мемлекеттік органдардың жауапкершілігін бекіту жоспарланып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы Жандос Дүйсембиев мәлім етті. Оның айтуынша, Үкімет көлеңкелі экономикамен күрес барысында алдын алу шараларын қабылдап жатыр.

— Биыл Үкімет кешенді жоспарды бекітеді. Онда әрбір мемлекеттік органның салықтық тәуекелдер үшін салалық жауапкершілігі нақты бекітіледі. Кез келген салалық министрлік қандай да бір жеңілдіктер немесе мемлекеттік қолдау шараларын ұсынбас бұрын, салықтық тәуекелдерді бағалауы тиіс деп санаймыз, — деді ол салықтық әкімшілендіру тақырыбында өтіп жатқан конференция барысында. Комитет басшысы бұл тәсіл мемлекеттік органдардың болашақта теріс салдарға әкелуі мүмкін қолдау шараларын қабылдауына жол бермейтінін атап өтті.

Ұқсас материалдар