Бізге жазылыңыз:

Қазақстандықтар қазан айына дейін Астана мен Түркістаннан Самарқандқа ұша алады

Қазақстандықтар қазан айына дейін Астана мен Түркістаннан Самарқандқа ұша алады
1 қыркүйектен бастап рейстер жаңартылған кесте бойынша орындалады. Бұл жолаушыларға сапарларын бұрынғыдан да ыңғайлы жоспарлауға мүмкіндік береді.

Жұма және жексенбі күндері:

• IQ 509 рейсі, Түркістан – Самарқанд: ұшуы – 12:45, келуі – 14:15

• IQ 510 рейсі, Самарқанд – Түркістан: ұшуы – 15:05, келуі – 16:30

• Бір бағыттағы билет құны 14 000 теңгеден басталады

Сонымен қатар транзиттік бағыт та қарастырылған:

• Астана – Самарқанд (Түркістан арқылы): ұшу – 09:30, келу – 14:15

 • Самарқанд – Астана (Түркістан арқылы): ұшу – 15:05, келу – 19:20

• Бір бағыттағы билет құны 41 000 теңгеден басталады

— Жазғы маусым кезінде бұл бағыт қазақстандық және өзбекстандық жолаушылар арасында тұрақты сұранысқа ие болды. Бұл әуе компаниясының рейстерді күзде де жалғастыру туралы шешім қабылдауына негіз болды. Тұрақты рейстер Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы туризмді, мәдени және іскерлік байланысты дамытуға үлес қосады, — деп атап өтті әуе компаниясы.

Ұқсас материалдар