Бізге жазылыңыз:

Қазақстанда теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды

Қазақстанда теңгеге байланған алғашқы стейблкоин іске қосылды
Стейблкоин — бұл қаржы әлемінде өзгеріс жасаған төлем және қаржы тетігі. Оны алғаш рет іске қосып жатырмыз. Intebix реттеуші қатысушысы Solana және Mastercard-пен, сондай-ақ еліміздегі Еуразиялық банкпен бірлесе теңгелік стейблкоиновдерді шығару жобасын іске қосты, — деді ҰБ басшысы Тимур Сүлейменов. 
Оның айтуынша, стейблкоин криптовалюталарды айырбастауға қызмет етеді және криптокарталар арқылы сауда жасау үшін қолданылады. 

 — Теңгеге байланған стейблокиннің пайда болуы ел ішіндегі өтімділікті оқшаулауға, қолданыстағы қаржылық инфрақұрылыммен интеграцияға және цифрлық активтердің отандық жүйесін дамытуға ықпал етеді, — деді Сүлейменов.
Бұған дейін, криптоактивтер, оның ішінде криптовалюталар, стейблкоиндер, токендер және блокчейн технологиясына негізделген басқа құралдар соңғы жылдары жаһандық қаржы жүйесінің маңызды элементіне айналғанын жазған едік. Олардың қарқынды өсуі мен танымалдығының артуы бизнес пен инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктерді, сол сияқты ұлттық экономикалар үшін маңызды тәуекелдерді де туындатады.

Ұқсас материалдар