Қазақстанда ұялы телефондар мен планшеттерді әкелу ережелеріне өзгерістер енгізілді. Тиісті талаптарды Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) бекітті.
Енді экспресс-жүктерге арналған жолаушылар кедендік декларациясын толтыру кезінде ұялы байланыс функциясы бар телефондар мен планшеттердің IMEI-кодтарын көрсету қажет.
Жаңа талаптар әзірге Қазақстан мен Қырғызстанда ғана қолданылады. ЕЭК мұны аталған елдерде мобильді құрылғыларды тіркеу және верификациялау тәртібінің қолданыста болуымен түсіндірді.
Өзгерістер смартфондардың елге әкелінуін бақылауды және оларды кейіннен тіркеу рәсімін жеңілдетуге бағытталған.
Тегтер:
Ұқсас материалдар
Көп оқылғандар
Қазақстан БҰҰ аясында су ұйымын құру бастамасын таныстырды
- 15 шілде, 2026
Алматыға шетелдік туристердің қызығушылығы күрт артты
- 13 шілде, 2026





