eGov Mobile қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалау калькуляторы іске қосылды
eGov Mobile мобильді қосымшасында отбасының әл-ауқатын бағалауға арналған калькулятор іске қосылды. Сервис 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік көмектің жекелеген түрлерін отбасының нақты жағдайы мен қажеттіліктеріне қарай көрсету тәртібіне көшу аясында енгізілді.
Калькулятор арқылы азаматтар бағалау талаптарымен танысып, өз отбасының әл-ауқат деңгейін алдын ала анықтай алады.
Есептеу кезінде отбасының табысы мен мүлкінен бөлек, оның құрамы, балалардың, қарт адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың болуы сияқты әлеуметтік жағдайлар да ескеріледі.
Бағалау алты бағыт бойынша жүргізіліп, 59-дан астам көрсеткішті қамтиды.
Бұл ретте есептеу пайдаланушының өзі енгізген мәліметтер негізінде жүзеге асырылады. Калькулятор нәтижесі тек ақпараттық сипатқа ие және әлеуметтік төлемдерді тағайындау немесе тоқтату туралы шешім болып саналмайды.
Дереккөз: gov.kz.





