Қолданыстағы Салық кодексіне сәйкес, талаптарға сай келетін ҚҚС төлеушілер импорт кезінде есепке жатқызу әдісін пайдалана алады. Бұл жағдайда импортталатын тауарлар бойынша ҚҚС декларацияда бір мезгілде есептелген және есепке жатқызылатын салық ретінде көрсетіледі. Егер барлық талаптар сақталса, тауарды әкелу кезінде ҚҚС-ты бюджетке нақты төлеу талап етілмейді.
Аталған әдіс қайта сатуға арналмаған тауарларға, қаржылық лизингке берілетін мүлікке және ауыл шаруашылығы техникасын өндіруге арналған арнайы тізімге енгізілген тауарларға қолданылады.
МКК мәліметінше, импортталатын тауарлар көпшілік жағдайда 5 жыл, ал ауыл шаруашылығы құстары үшін 18 ай ішінде тек нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуы тиіс. Егер бұл талап бұзылса немесе тауар мерзімінен бұрын өткізілсе, ҚҚС бюджетке төленіп, өсімпұл есептеледі.
Комитет салық төлеушілерге есепке жатқызу әдісін қолданар алдында тауардың Үкімет бекіткен тізімге енгізілгенін, ЕАЭО СЭҚ ТН бойынша дұрыс сыныпталғанын және белгіленген талаптарға сәйкес пайдаланылатынын алдын ала тексеруге кеңес береді.