Бізге жазылыңыз:

БЦК Қазақстандағы ШОБ үшін ең инновациялық банк атанды

БЦК Қазақстандағы ШОБ үшін ең инновациялық банк атанды

Bank CenterCredit Most Innovative SME Bank – Kazakhstan 2026 халықаралық марапатына ие болды. Қазақстандағы шағын және орта бизнес үшін ең инновациялық банк атағын қаржылық ұйымға халықаралық іскерлік Global Business Outlook басылымы берді.

Қатысушыларды бағалау кезінде олардың нарықтағы позициясы, қызмет нәтижелері, жүзеге асырған бастамалары, өнімдері мен қызметтері, сондай-ақ тиісті сектордың дамуына қосқан үлесі ескерілді.

БЦК-ның мойындалуына кәсіпкерлерге арналған цифрлық құралдардың дамуы негізгі факторлардың бірі болды. Сарапшылар жаңа BCC Business мобильді қосымшасын, кредиттер мен банк кепілдіктерін онлайн рәсімдеу мүмкіндігін, сондай-ақ мәмілелерді жүргізуге арналған цифрлық шешімдерді атап өтті.

Атап айтқанда, банк эскроу-шоттармен және эскроу-қолхаттармен алмасуға қатысты сервистерді дамытып келеді. Олар тараптар арасындағы есеп айырысулардың қауіпсіздігін арттыруға мүмкіндік береді.

Global Business Outlook видеобанкинг сервистеріне де ерекше назар аударды. Кәсіпкерлер валюталық бақылау мәселелері бойынша қашықтан кеңес ала алады. Сонымен қатар мобильді қосымшада валюталық жұптардың кең таңдауын ұсынатын FX-айырбастау сервисі жұмыс істейді.

Тағы бір маңызды бағыт – төлемдерді цифрландыру. БЦК цифрлық теңгемен есеп айырысу инфрақұрылымын дамытып, кәсіпкерлерге интернет және сауда эквайрингіне қосылуды жеңілдететін сервистер ұсынады.

Bank CenterCredit президенті Руслан Владимиров шағын және орта бизнес банк қызметіндегі басым бағыттардың бірі болып қала беретінін атап өтті.

«Шағын және орта бизнес – банк үшін негізгі бағыттардың бірі. Біз бизнестің талаптары үнемі өзгеріп отыратынын түсінеміз. Сондықтан технологияларды дамытып, цифрлық сервистердің мүмкіндіктерін кеңейтеміз және банкпен өзара іс-қимыл кезінде клиенттік тәжірибені жетілдіріп, оны барынша қарапайым әрі тиімді етуге ұмтыламыз», – деді ол.

Global Business Outlook жыл сайын компаниялар мен қаржы ұйымдарын бизнес, инновациялар және жекелеген салаларды дамыту бағыттарындағы жетістіктері үшін марапаттайды.

Осылайша, аталған марапат БЦК-ның жекелеген өнімдеріне ғана емес, кәсіпкерлерге арналған банк қызметтерін цифрлық трансформациялау тәсіліне де берілген баға болды.

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 05.08.2026 жылғы № 1.1.856.145 әмбебап банктік лицензиясы.

Ұқсас материалдар