Биыл 18 сәуірден бастап қазақстандық «SCAT» әуе компаниясы Boeing 737 типті әуе кемелерімен аптасына 2 рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен Ақтау – Ереван бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындауды бастады.
Бұған қоса, 2026 жылдың 20 сәуірінен бастап армениялық «SHIRAK AVIA» әуе компаниясы Астана – Ереван бағыты бойынша аптасына 1 рет (дүйсенбі күндері) жиілігімен тұрақты рейстерді іске қосты.
Рейстер Boeing 737 типті әуе кемелерімен орындалады.
Жаңа әуе рейстерінің ашылуы Қазақстан мен Армения Республикасы арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді деп жоспарланған.





