АҚШ-тың жаңа тарифтік саясаты теңгенің нығаюына ықпал етуі мүмкін — сарапшылар пікірі

Freedom Finance Global сарапшыларының пікірінше, АҚШ-тың жаңа тарифтік саясаты теңгенің нығаюына алып келуі мүмкін.
🔹 Елдар Шакеновтың айтуынша, Қазақстанға тікелей әсері шектеулі, бірақ жанама әсерлер болуы ықтимал. Тәуекел тобына Мексика, Қытай және Азия мен Латын Америкасының дамушы нарықтары кіріп отыр — олардың валюталары әлсіреп, доллардағы қарыз төлемдері қымбаттайды.
🔹 Қазақстанның шикізаттық экономикасы жаһандық баяулауға тәуелді: сауда соғыстары мұнай мен метал бағасының төмендеуіне әсер етіп, бюджет пен валюта нарығына салмақ түсіреді.
«Дедолларизация үдерісі жеделдесе, Қазақстан резервтерін юань немесе басқа валюталарда әртараптандыруды қарастыруы мүмкін», — дейді Шакенов.
🔸 Ол АҚШ долларының әлемдік үстемдігін тарифтер тікелей бұза алмайтынын, бірақ сауда шиеленісі жағдайында доллардың халықаралық сұранысы азаюы мүмкін екенін айтты.
📉 Қазірдің өзінде инвесторлар доллардан кетіп жатыр:
▪️ жапон иенасы мен швейцар франкі нығайды
▪️ алтын бірнеше рет тарихи максимумды жаңартты
🔸 Ансар Әбуевтің айтуынша, доллардың әлсіреуінен болған залал алтын бағасының өсуімен өтеледі.
Сарапшылар алтын бағасы 1 унция үшін $3,5 мыңға дейін өсуі мүмкін деп болжайды.
💱 USD/KZT валюта жұбы 465 теңгеге дейін түсуі мүмкін, бірақ бұл доллардың едәуір әлсіреуін қажет етеді. Қазір теңгені қолдап отырған факторлар:
-
квазимемлекеттік компаниялардан міндетті валюталық түсімді сату,
-
Ұлттық қордан валюта сату,
-
алтынмен «айна» операциялары.
📊 4 сәуірдегі KASE саудасында USD/KZT орташа бағамы — 505,51 теңге.
Алматы мен Астанадағы айырбастау пунктерінде доллар 522–523 теңге аралығында сатылуда.