Жасанды интеллект өнеркәсіпте жай ғана цифрлық құрал емес, компаниялардың бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын негізгі факторлардың біріне айналып келеді. KPMG Global Tech Report 2026: Industrial Manufacturing зерттеуіне сәйкес, бүгінде өндірістегі табыс жаңа зауыттар мен жабдықтарға ғана емес, деректерді қаншалықты тиімді пайдаланып, сол ақпарат негізінде қаншалықты жылдам шешім қабылдай алуға байланысты.
Зерттеу нәтижесіне сәйкес, өнеркәсіптік компаниялардың жартысына жуығы жасанды интеллектке салынған инвестициялардың нақты қаржылық тиімділігін көріп отыр, ал 87%-ы болашақтағы бәсекелестік артықшылықтың негізгі көзі озық технологиялар болады деп есептейді. AI бүгінде өнім сапасын болжау, өндірістік процестерді оңтайландыру, жабдықтардың істен шығуын алдын ала анықтау және жаңа өнімдерді әзірлеу бағыттарында кеңінен қолданылып жатыр.
Сарапшылардың пікірінше, өндірістегі басты өзгеріс – жасанды интеллекттің өзінен бұрын, оның айналасында қалыптасып жатқан цифрлық экожүйеде. Датчиктер, аналитикалық платформалар, цифрлық егіздер, бұлтты сервистер және өндірісті басқару жүйелері бірігіп, кәсіпорындарға нақты уақыт режимінде тиімді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
Сонымен қатар зерттеу деректер сапасының маңызын ерекше атап өтеді. Компаниялардың басым бөлігі ақпараттық инфрақұрылымын жоғары бағалағанымен, 76%-ы сапасыз деректерді жасанды интеллектті енгізудегі негізгі тәуекелдердің бірі деп санайды. Сондықтан кәсіпорындар бүгінде AI-мен қатар деректерді басқару жүйелерін жетілдіруге және киберқауіпсіздікті күшейтуге басымдық беріп отыр.
Материалдың толық нұсқасын economykz.org сайтында оқуға болады.





