
– Мемлекет басшысының «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында елімізде экологиялық жаңарудың ауқымды іс-шаралары жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өндірістің қоршаған ортаға тигізетін зиянды әсерін азайтуымыз керек. «Жасыл» экономикаға көшу және көміртегі бейтараптығына қол жеткізу үшін озық технологияларды енгізуді ескере отырып, өнеркәсіп секторын жаңғыртуды жандандыру қажет. Басым бағыттардың бірі – атмосфераға шығарындылар мен парниктік газдарды қысқарту, сондай-ақ өндірістің энергия тиімділігін арттыру, - деп атап өтті Олжас Бектенов.
Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстары мен Ұлытау облысындағы экологиялық жағдайға әсер ету мәселесі бойынша «Қазақмыс» корпорациясы ЖШС, «Казцинк» ЖШС және Qarmet АҚ басшылығының өндірістерді жаңғырту саласында атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалды.
«Қазақмыс» корпорациясы ЖШС байыту фабрикаларында шаң ұстау жүйелері орнатылған, бұл шаң жинау үдерісінің тиімділігін 99,9%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Жезқазған мыс балқыту зауытын газдандыру есебінен атмосфераға шығарындылардың 16%-ға қысқаруына қол жеткізілді. Балқаш мыс балқыту зауытындағы су салқындату жүйелерінің жабдықтарын ауыстыру тұщы су алу көрсеткішінің 35%-ға төмендеуін қамтамасыз етті. Өндірілген қож көлемінің 100% мыс концентратын, өрескел қорғасынды және т. б. алу арқылы өңделеді.
«Қазмырыш» ЖШС Өскемен металлургиялық алаңында жұмыстар жүргізілді, нәтижесінде шығарындылар 4 еседен астам төмендеді. 2001 жылғы 69 мың тоннадан қазіргі уақытта 15 мың тоннаға дейін. Негізгі өндірістік алаңдарда ең үздік қолжетімді технологияларды енгізу жоспарлануда: бұл газдардан күкірт диоксидін кәдеге жарату жөніндегі жаңа жабдықты орнату, қатты бөлшектерді ұстауға арналған сүзгілерді қайта жаңарту және тағы басқалар осы мақсаттарға арналған инвестициялардың жалпы көлемі 108 млрд теңгеден асады.
«Qarmet» АҚ 2024-2030 жылдарға арналған Жол картасын іске асырып жатыр. Оның шеңберінде кокс газын терең тазартатын жаңа кокс батареяларын салу, Қарағанды металлургия комбинатының ЖЭО-2 және ЖЭО-Бу-ауа үрлейтін стансасында қазандық жабдықтарын жаңғырту, бірқатар пешті табиғи газға ауыстыру, ауа мен суды тазарту жүйелерін қайта жаңарту және тағы басқалары көзделген. Екі жыл ішінде «Qarmet» AҚ-ның атмосфералық ауаға нақты шығарындылары 10,3%-ға қысқарды, қалдықтардың түзілуі 19,8%-ға төмендеді.