Оның айтуынша, қайта өңдеу саласы агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция тарту бойынша көшбасшы бағыттардың бірі саналады.
- Қазіргі уақытта, әсіресе астықты тереңдете өңдеу сегментінде ірі жобалар іске асырылып жатыр. Жалпы алғанда, Қазақстан жыл сайын 5 млн тоннадан астам астықты өңдейді. Оның ішінде 510 мың тоннасы терең өңдеуге жіберіледі. Бүгінде крахмал, глютен, меласса, биоэтанол және өзге де өнімдер шығаратын 3 терең өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. 2028 жылға дейін жылына 4,8 млн тонна бидай мен жүгеріні өңдейтін 5 ірі жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Салаға тартылатын инвестиция көлемі 2,6 млрд АҚШ долларын құрайды, 3,3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Өнім ассортименті аминқышқылдары, сироптар, дәрумендер және өзге де жоғары қосылған құнды өнімдер есебінен кеңейтіледі, - деді Айдарбек Сапаров.





