Тоқаев Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларына үндеу жасады
Одақ мүмкіндіктері
Тоқаев осы ұйым шеңберінде бірлесе атқаруға болатын дүниелерге тоқталып өтті.
«Соңғы жылдардағы жаһандық дүрбелеңдерге қарамастан мемлекеттеріміздің экономикасы оң қарқын алды. Алдағы ортақ міндетіміз – ЕАЭО-ның әлеуеті мен бәсекеге қабілеттілігін нығайту, интеграциялық тиімділігін күшейту», – деді Тоқаев.
Президент жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, Еуразияның логистикалық хабының әлеуеті, өндіріс пен агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру мәселері туралы сөз қозғады.
Қысым құралына айналмауы тиісТоқаев ЕАЭО шеңберінде сауда-саттыққа ешқашан кедергі болмауы қажет екенін айтты. Бұл үшінәкімшілік кедергілердің барлығын жою керек.
«Сауда-саттық пен басқа да жекелеген салалардың дамуын тежейтін, азаматтардың барыс-келісін шектеп, шекаралардағы жүк көліктерінің кезегін туындататын қолдан жасалған кедергілер өткеннің еншісінде қалуы қажет», – деді Тоқаев.
Президенттің пікірінше, кедендік реттеу және мемлекеттік бақылаудың басқа да шаралары (көліктік, санитарлық, ветеринарлық және фитосанитарлық) Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер үкіметтеріне қысым жасаудың құралына айналмауға тиіс.





