ЖАҢАЛЫҚТАР
Отандық өндірушілермен жасалған келісімшарт көлемі 456 млрд теңгеге жетті
Бұл тауарлар мемлекеттік сатып алу кезінде ұлттық режимнен алып тастау тізіміне енгізілген.
- Егер тізімге енген тауарларды сатып алу туралы конкурс жарияланса, ол ең алдымен қазақстандық тауар өндірушілер арасында өткізіледі. Бүгінгі таңда 2024 жылмен салыстырғанда отандық өндірушілермен жасалған шарттар саны 16%-ға артып, 456 млрд теңге болды, - деді вице-министр.
Сонымен қатар ол Үкімет отандық өндірісті одан ары қолдау және қазақстандық компаниялардың мемлекеттік сатып алуға қатысуын кеңейту мақсатында ұлттық режимнен алып тастау шараларының мерзімін ұзарту бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті.





