Бізге жазылыңыз:

Міндетті автосақтандыру төлемдері қолма-қол ақшасыз жүргізіледі

Міндетті автосақтандыру төлемдері қолма-қол ақшасыз жүргізіледі

Қазақстанда көлік иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру бойынша төлем жасау тәртібі өзгереді. Жаңа талаптарға сәйкес сақтандыру өтемақысы енді негізінен алушының банктік шотына аудару арқылы төленеді.

Өзгерістер қаржы нарығын цифрландыру және сақтандыру қызметтерінің ашықтығын арттыру мақсатында енгізіліп отыр. Сақтандыру ұйымы қаражатты аударуға және оны шотқа есептеуге байланысты комиссиялық шығындарды өз мойнына алады. Осылайша, алушы сақтандыру төлемін қосымша комиссиясыз толық көлемде алады.

Жаңа тәртіп «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» заңға енгізілген түзетулермен бекітілді.

Қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға көшу сақтандыру төлемдерін алу процесін жеңілдетіп қана қоймай, қаражат қозғалысының ашықтығын арттыруға және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға бағытталған. Сонымен қатар бұл өзгеріс сақтандыру нарығында цифрлық сервистерді кеңінен қолдануға мүмкіндік береді.

Жаңа норма заңның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 60 күнтізбелік күн өткен соң, яғни 2026 жылғы 21 қазаннан бастап күшіне енеді.

Ұқсас материалдар