Бізге жазылыңыз:

Жыл соңына дейін ауылдарда 596 медициналық нысан ашылады

Жыл соңына дейін ауылдарда 596 медициналық нысан ашылады
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес іске асырылуда және үш негізгі бағытты көздейді:

ауылдық елді мекендерді медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК)ұйымдарымен қамтамасыз ету;

ауыл тұрғындарына шұғыл көмек көрсету;

ауылдық денсаулық сақтау нысандарының кадрлық әлеуетін нығайту.

Жобаның шеңберінде 655 медициналық-санитариялық алғашқы көмек нысаны — медициналық пункттер, фельдшерлік-акушерлік пункттер мен дәрігерлік амбулаториялар салу көзделген.

Бүгінгі таңда 596 нысанның құрылысы аяқталды, оның ішінде:

387 ескірген ғимараттардың орнына салынған;

209 бұрын медициналық инфрақұрылымы болмаған елді мекендерде тұрғызылды.

Қалған 59 нысанды ағымдағы жылдың соңына дейін пайдалануға беру жоспарлануда.

Сонымен қатар, жоба мыналарды қамтиды:

32 аудандық орталық аурухананы жаңғырту;

ауылдық өңірлер үшін 1100-ден астам медицина қызметкерлерін даярлау.

— Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту жобасы соңғы кезеңге шықты. Алдағы айларда Қазақстанның ауыл тұрғындары жаңа заманауи медициналық нысандарға қол жеткізе алады, бұл медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін айтарлықтай арттырады, — деп атап өтті Денсаулық сақтау министрлігі.

Ұқсас материалдар