Бізге жазылыңыз:

Юань халықаралық жүйеде: Қазақстанның аймақтық қаржы кеңістігінде орны нығайды

Юань халықаралық жүйеде: Қазақстанның аймақтық қаржы кеңістігінде орны нығайды
Бұл үрдіс халықаралық қаржы архитектурасының құрылымын өзгертумен қатар, Орталық Азия елдері үшін жаңа экономикалық және қаржылық мүмкіндіктерді, сонымен бірге белгілі бір тәуекелдерді де ала келді.Юаньнің жаһандық сауда жүйесіндегі үлесі 

Халықаралық есеп айырысу банкінің (BIS) соңғы зерттеу деректеріне сәйкес, юаньнің әлемдік валюта нарығындағы үлесі 8,5%-ға дейін өсті, ал күн сайынғы айналым көлемі 817 млрд АҚШ долларына жетті. Осылайша, юань қазір әлемдегі бесінші ірі сауда валютасы саналады. Бұрынғы жылдармен салыстырғанда фунт стерлингтің үлесі 12,9%-дан 10,2%-ға дейін төмендеп, юань мен фунт арасындағы айырмашылық азайған.

«2025 жылғы юаньнің халықаралық айналымы туралы есепте» көрсетілгендей, геосаяси белгісіздік пен доллардың жоғары пайыздық мөлшерлемелері бірқатар дамушы елді долларға тәуелділікті азайтуға итермелеп отыр. Осы үрдіс нәтижесінде Оңтүстік-Шығыс Азия, Орталық Азия және Африка елдері юаньді халықаралық есеп айырысуда белсенді қолдана бастады.

Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) дерегінше, әлемнің дамушы экономикаларының валюталық резервтерінде доллардың үлесі 20 жылдағы ең төменгі көрсеткішке – 58%-ға дейін түскен. Бұл жаһандық деңгейде дедолларизация үдерісінің күшейіп келе жатқанын аңғартады.Орталық Азияда юаньмен есеп айырысу 

Қытай Халық банкінің трансшекаралық төлем жүйесі (CIPS) бүгінде 189 ел мен өңірді қамтиды, ал қатысушы қаржы институттарының саны 1700-ден асқан. 2024 жылы жүйе арқылы өткен операциялар көлемі 175 трлн юаньға жетіп, жылдық өсім 43% болған.

Осы инфрақұрылымның дамуы Қазақстан компанияларына Қытай серіктестерімен тікелей юань арқылы есеп айырысуға мүмкіндік берді.

2022 жылы Қытай Халық банкі мен Қазақстан Ұлттық банкі арасында юаньмен есеп айырысу жүйесін енгізу жөніндегі меморандумға қол қойылып, «Қытай Өнеркәсіп және коммерциялық банкі» (Алматы) юань бойынша клирингілік банк ретінде бекітілді. Осылайша Қазақстан Орталық Азияда юань клиринг жүйесіне қосылған алғашқы мемлекет атанды.

Қытайдың «ICBC Алматы» және «Құрылыс банкі Астана» филиалдары бірлесе Қытай мен Қазақстан арасындағы қаржы арнасын қалыптастырып, трансшекаралық есеп айырысудың сенімді және тиімді жүйесін құрды.

Биыл ICBC Алматы теңге-юань айырбасы бойынша негізгі маркет-мейкерлердің бірі болып, Қытайдың ішкі валюталық және облигациялық нарықтарына тікелей қатыса бастады.Цифрлық саудада юаньмен төлем жасау: алғашқы тәжірибе

Жақында қазақстандық Alem Market трансшекаралық электронды сауда платформасы юаньмен есеп айырысудың алғашқы мәмілесін сәтті аяқтады.

Бұл операция CIPS жүйесі арқылы небәрі 10 минутта жүзеге асқан, ал дәстүрлі долларлық есеп айырысумен салыстырғанда төлем жылдамдығы ондаған есе артқан.

Мәміле барысында ICBC Алматы мен Қытай Құрылыс банкінің Астана филиалы CIPS жүйесіне тікелей қатысушы ретінде өтімділік пен есеп айырысу арнасын қамтамасыз етті.

Бұл оқиға юаньнің қолданылу аясын дәстүрлі саудадан бөлек, электронды коммерция, финтех және қызмет көрсету салаларына дейін кеңейткенін көрсетті.Қазақстанның «қаржы көпірі» ретіндегі рөлі айқындала түсті

Юаньнің халықаралық айналымы — Қытайдың қаржы саясаты ғана емес, «Бір белдеу, бір жол» бастамасының маңызды қаржылық тірегі болып отыр.

Қазақстан мен Қытай арасындағы энергетика, көлік және инвестициялық ынтымақтастықтың тереңдеуі аясында юаньмен есеп айырысу жүйесі екі ел арасындағы сауданы жеңілдетіп, айырбас тәуекелдерін азайтады және аймақтық қаржы қауіпсіздігін арттырады.

Юаньнің кеңінен қолданылуы еліміз үшін бірнеше оң нәтижеге әкеледі:

Саудадағы тиімділік – Қытай серіктестерімен тікелей юань арқылы есеп айырысу долларды айырбастау шығындарын азайтады;
Қаржының әртараптануы – теңге мен юань арасындағы тікелей котировкалар аймақтық валюта нарығындағы теңгенің белсенділігін арттырады;
Инвестициялық тартымдылық – юаньмен несие беру және облигациялық операциялардың дамуы Қазақстан қаржы нарығын Азия капиталымен терең байланыстырады.
Сонымен қатар, юаньның халықаралық мәртебесінің артуы аймақтық валюталық тәуелділікті қайта қарауды қажет етеді.

Қазақстан үшін маңызды мәселе – юаньды кеңейте отырып, ұлттық валютаның тұрақтылығын және қаржылық егемендігін сақтау.

Қорыта айтқанда, юаньның жаһандық сауда, инвестиция және төлем жүйесінде маңызы артып келеді. Орталық Азия осы үдерістің жаңа стратегиялық торабына айнала бастады. Осы орайда, Қазақстан үшін юань клирингілік жүйесінің енгізілуі — қаржылық серіктестіктің жаңа белесі, әрі елдің Еуразия құрлығын байланыстыратын «қаржы көпірі» ретіндегі рөлін айқындай түседі.

Ұқсас материалдар